КІРІСПЕ. Фармацевтикалық нарық— экономикалық және әлеуметтік дамудың, сонымен қатар халықтың әл-ауқат

Фармацевтикалық нарық— экономикалық және әлеуметтік дамудың, сонымен қатар халықтың әл-ауқат деңгейінің критерийі болып табылатын кез келген мемлекет экономикасының маңызды бөлімі. Мемлекеттің дамыған фармацевтикалық өнеркәсібі оның экономикасының жаңашылдығының жоғарғы көрсеткіші болып есептеледі. Жеке фармацевтикалық өндіріс бөлімін құру - бұл күрделі, еңбекті көп қажет ететін, қымбат бағалы, сонымен қатар қазақстандықтардың денсаулығы мен амандығын қамтамасыз етудің қажетті үдерісі болып табылады. Дәрілермен отандық жабдықтаудың оңтайлы деңгейіне жету үшін өндіріс қуаттарын, сонымен қатар халықтың қолдауы мен сенімін арттыру қажет.

Қазақстанның фармацевтикалық саласының негізгі мәселелерінің бірі ғылыми арттта қалушылық: ғылыми зерттеулердің дамымағандығы, жаңа зерттемелер мен дәрілердің жоқтығы болып табылады.

Микробиология институты - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігіне қарасты Ғылым комитеті құрылымындағы мемлекеттік институт, Алматы қаласындағы экология, микробиология және вирусология саласындағы зерттеу жұмыстарымен айналысатын елдің жетекші мекемесі. Институт вирусология және микробиология салаларында ғылыми зерттеулер жүргізеді, вирустық және микробтық дәрі-дәрмектер өндіреді.

Саңырауқұлақ аурулары немесе микоздар жұқпалы аурулар қатарына жатады және олардың едәуір бөлігін құрайды. Әр түрлі сараптамалық бағалар бойынша микоздардың ересектер арасында таралуы 10-20% құрайды және егде жастағы ересектер арасында айтарлықтай өсіп келеді. 70 және одан жоғары жастағы адамдар арасында халықтың 50% осы дертке шалдыққан. Микоз халықтың барлық жас топтары арасында жылдам өсіп келеді. Мысалы, эпидемиологиялық зерттеулер мәліметтері бойынша жас және орта жастағы науқастардың 28%-да микоз кездеседі. Соңғы жылдарда тек ересектердің ғана емес, балалардың да микозбен ауруы артып келеді. Саңырауқұлақ зақымданулары аса қауіптілігімен және ауыздықталудың алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Орталық жүйке жүйесінің, мидың үлкен жарты шарының, мишықтың, өкпенің, ішек-қарын жолының, сүйек жүйесінің, қан арнасының, тері мен оның өсінділерінің саңырауқұлақ зақымданулары сипатталған.



Нарықта кездесетін саңырауқұлаққа қарсы дәрілер әрдайым тиімді бола бермейді, ұзақ, кейде бірнеше ай бойы пайдалануды қажет етеді. Бұл қоздырғыштардың тұрақты түрлерінің пайда болуына алып келеді, ал ол өз кезегінде емдеу дозаларын арттыру қажеттілігін тудырады. Соңғысы дәрілердің зиянды жанама әсерлерін күшейтеді және бірқатар материалдық шығындарға алып келеді. Сондықтан, микоздарды емдеуге бағытталатын жаңа дәрі-дәрмектерді құрастыру мен өндіру үлкен практикалық маңызы бар аса өзекті мәселе болып табылады.

Вирусқа қарсы жаңа дәрілерді өндірудің де өзектілігі аз емес. Қазіргі таңда вирустық індеттерді емдеу үшін биологиялық белсенді қоспалардың шектелген санының (12-ден аспайды) түрлендірулері болып табылатын әр түрлі 100-ден астам дәрілер пайдаланылады. Көптеген вирустық індеттер қоздырғыштарының өте жоғарғы өзгергіштігіне байланысты вирустар пайдаланылатын дәрі-дәрмектерге тез бейімделеді, ал бұл тиімді жаңа дәрілерді іздеуді қажет етеді.

Сонымен қатар, көптеген жағдайларда бірқатар ауруларды, соның ішінде иммунодефицит жағдайларындағы оппортунистік індеттерді емдеу үшін, сонымен қатар ісікке қарсы терапияда микробқа қарсы және вирусқа қарсы белсенділігі бар бірнеше түрде біріктіру қажет болады. Популяция арасында туа біткен және жүре біткен иммунодефицит жағдайлары (ЖҚТБ, атопикалық күйлер, кортикостероидтарды немесе иммуносупрессивтік дәрілерді ұзақ уақыт пайдалану) бар адамдардың артуы біріккен антимикотикалық және вирусқа қарсы терапия жүргізу қажеттілігін тудырады. Бұл бір уақытта саңырауқұлаққа қарсы және вирусқа қарсы белсенділіктері болатын жаңа дәрі-дәрмектердің құрастыруды қажет етеді.



Біріккен антимикотикалық және вирусқа қарсы әсері бар азғантай дәрілердің бірі «Розеофунгин» полиендік антибиотигі ("Саңырауқұлаққа және вирусқа қарсы белсенділігі бар дәрі", 27.03.2012-дегі ҚР №25633 инновациялық патенті) болып табылады. «Розеофунгин» антибиотигін өндіру үшін оны алу мен тазалаудың тиімді технологиясы қажет.

Саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктерді алудың бұрыннан белгілі технологиялары жеткілікті дәрежеде тиімді емес, күрделі, улағыш реагенттерді пайдалануды қажет етеді және әсері микоздардың белгілі бір қоздырғыштарына ғана жүретін, жеткілікті жоғары улағыштығы мен вирусқа қарсы белсенділігі жоқ антибиотиктерді алуға алып келеді.

Зерттелген мәліметтерге негізделе отырып, біздің тапсырмамыз саңырауқұлаққа қарсы отандық Розеофунгин 2 % жақпа майын шығару деп қорытындылауға болады.

Берілген дипломдық жобаның мақсаты бір уақытта саңырауқұлаққа қарсы және вирусқа қарсы белсенділігі бар Розеофунгин 2% жақпа майын шығарудың технологиялық үдерісіндегі берілген дәріні өндіру кезінде пайдаланылуы мүмкін, буып-түю бөлімшесін қайта құру болып табылады.



5021364688984080.html
5021425673460886.html
    PR.RU™